Жастарға үндеу

Павлодар облысында «Жас Отан» қатарына 2,2 мың адам қосылды

Павлодарлық жас отандықтардың қатары 2260 адаммен толықты, деп хабарлайды Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі «Жас Отан» жастар қанатына сілтеме жасай отырып.
Павлодар23 Желтоксан , 10:49

«Бүгінде облыстық филиалда 92 алғашқы ұяшық жұмыс істеуде. Солардың 9-ы ірі кәсіпкерліктерде. Ал 10 мыңнан астам адам – жұмыскерлер, жастар, бастауыш кәсіпкерлер, студенттер», - делінген хабарламада.

«Жас Отан» мүшелері салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спорт пен дене шынықтыруға шақырады және жемқорлыққа қарсы тәрбие береді.

Сонымен қатар, олар еңбек және соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге көмек көрсетеді.

Белсенді жастар «Самал» бейімдеу орталығында мүгедек балаларды емдеуге ат салысады. Осы мақсатта жас отандықтар «Қамқорлық» атты еріктілер отрядын құрып, полицияның қоғамдық қамқоршылары да болып қызмет етеді.

«Өңірде «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» бағдарламалары белсенді жұмыс істеуде. «Жас Отан» ЖҚ басты міндеттемелерінің бірі ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікке қолдау көрсету. «Атамекен Startup» бизнес-идея байқауына 200-ден астам адамның қатысқаны  анық. Солардың 453 жобасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы, ал 45-і жастар тарапынан іске асырылуда», - делінген әкімдік хабарламасында.

2014 жылы жастар қанаты «Сәтті қадам» жобасы бойынша кәсіпкерліктерге тәжірибе енгізуді жоспарлап отыр. «Жастар – Ауылға!» ауылдық жастарға кеңес беру бастамасын да қолға алу ойда бар. Сонымен қатар, жастардың мәселесін мәслихат депутаттары тарапынан қарауға мүмкіндік беретін «Еркін пікір» пікірталас алаңы ашылады.




Яндекс.Метрика