Ана мен баланы қорғау

Елордада 2013 жылдың 11 айында 20 мыңнан астам бала дүниеге келді

Астанада үстіміздегі жылдың 11 айында перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда 20 699 бала дүниеге келді. Бұл туралы Астана қаласының сайты хабарлады.
Астана қаласы23 Желтоксан , 10:40

«Үстіміздегі жылдың қаңтар-қараша айларында 20 699 бала туды, соның ішінде 10 698 (52%) ұл, 10 001 (48%) қыз, 229 егіз, 4 үшем», - делінген хабарламада.

 Айта кетейік, елордада туу көрсеткіші жыл сайын орта есеппен 1,1% (850 - 900 балаға) артып келеді, ал 2013 жылғы желтоқсан айында бұл көрсеткіш бір мың адамға шаққанда 27,67 құрады. 

Айта кетейік, 2010 жылы қалалық босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін мекемелерде 16 444 бала, 2011 жылы 19 177, ал 2012 жылы 21 266 бала туды.




Яндекс.Метрика