Атаулы әлеуметтік қолдау

Өскеменде 2014 жылы зейнеткерлерге жолақы төлеміне жәрдемақы енгізу жоспарлануда

2014 жылы Өскеменде зейнетақысы 40 мың теңгеден төмен азаматтарға қалалық қоғамдық көлік жолақысына бір реттік жәрдемақы төлеу жоспарлануда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан23 Желтоксан , 10:32

«Өскемен әкімдігі тарапынан қалалық мәслихатта қарау үшін мұқтаж азаматтар тізімін анықтау және әлеуметтік көмектің көлемін бекіту ереже жобасы дайындалды. Ереже мәслихат тарапынан мақұлданып, әділет органына тіркелген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету қолға алынатын болады», - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова.

Жоспар бойынша аталмыш төлем 12 964 теңге немесе 7 айлық көрсеткішті құрамақ.

Сонымен қатар, төлем қажетті құжаттар мен зейнеткерлер өтінішінсіз Өскеменнің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жасалады.




Яндекс.Метрика