Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

2014 жылы Қостанай облысында онкодиспансер салынады

Қостанай облысында 2014 жылы онкодиспансер құрылысына кіріседі. Бұл туралы аппарт жиналысында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орал Бекмағамбетов мәлімдеді.
Қостанай23 Желтоксан , 10:27

«350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен емханалар құрылысы» бағдарламасы бойынша 16 ДА салу жоспарланған, олардың ішінде 2013 жылы 619,572 млн теңгеге 8 нысанның құрылысы басталды. Аталмыш бағдарламаны іске асыру аясында 3508,8 млн теңгеге 2 емхана салу көзделіп отыр», -деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, елімізде онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы аясында келесі жылы 300 келушіге арналған сомасы 2141,2 млн теңгеге облыстық онкологиялық диспансер емханасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. 

«2004 жылдан бері 14124,1 млн теңгеге 6 денсаулық сақтау нысаны салынды, 1169,3 млн теңгеге 2 нысан қайта қалпына келтірілді,6111,7 млн теңгеге 52 нысан күрделі жөндеуден өтті. «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» бағдарламасы аясында 14349,4 млн теңгеге 4 нысан пайдалануға берілді», -деп түйіндеді О.Бекмағамбетов. 

 




Яндекс.Метрика