Парламент

Мәжіліс адам саудасына қарсы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде қаулы қабылдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулыны қабылдады.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

«Мәжіліс қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы келіп түсті. Заң жобасының мақсаты - адам саудасына қарсы заңнамаларды жетілдіру», - деді құжатқа қатысты баяндама жасаған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, депутат Рахмет Мұқашев.

Депуттар дауыс бере отырып, Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге бағытталған Қаулыны қабылдады. 




Яндекс.Метрика