Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Ақмола облысында мал-дәрігерлік зертхана іске қосылды

Ақмола облысы Жарқайың ауданында мал-дәрігерлік зертхана іске қосылды, деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола23 Желтоксан , 09:35

«Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің басты мақсаттарының бірі  азаматтар денсаулығының  қауіпсіздігін нығайту мақсатында малдарды түрлі аурудан сақтау  үшін зерттеу жұмыстарын дерк езінде жүргізу. Осы мақсатты орындау үшін Жарқайың ауданында  ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің тапсырысымен  ветеринарлық зертхана тұрғызылды», - делінген хабарламада.

Зертхананы салу үшін республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 139 млн теңге бөлініп, толығымен игерілген.

 Заманауи қондырғылармен жарақтандырылған зертханада, аз уақыт ішінде түрлі дертті анықтауға болатын қондырғылар орнатылған. 




Яндекс.Метрика