Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

2013 жылдың 10 айында Тәжікстанға шығарылған экспорт 393 млн долларды құрады

2013 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Тәжікстанға қазақстандық тауар экспорты 393 млн долларды құрады, деп хабарлайды Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Желтоксан , 11:40

Астанада Қазақстан және Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы өтті. Отырыс жұмысына үкіметаралық комиссияның мүшелері, сондай-ақ, екі елдің мемлекеттік басқару органдарының өкілдері мен кәсіпкерлері қатысты.

Отырыс барысында үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысының шешімдерін орындау мәселелері қарастырылып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

«Комиссия мүшелері сыртқы сауда динамикасының жақсарғанын атап өтті. Кедендік статистикалық мәліметтер бойынша, 2013 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымынің көрсеткіштері 7%-ға артып, 450 миллион АҚШ долларынан астам соманы құрады (2012 жылы бұл көрсеткіш 421 млн. долл. құраған). Қазақстан экспортының көлемі 393 млн. доллардан асып, 2012 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 9%-ға өскен»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, комиссия отырысында экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, спорт және еңбек миграциясы салаларындағы өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.

 

 

 




Яндекс.Метрика