Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Семейде көзі нашар көретіндерге арналған әлеуметтік жоба іске қосылды

Семейде «Сары түс – қолжетімді орта» жобасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан21 Желтоксан , 11:07

«Жобаның мақсаты – қоғамдық орындарда көзі нашар көретіндерге жағдай жасау үшін қарама қарсы түстерді қолдану арқылы Семей қаласында барынша қауіпсіз және қолжетімді орта қалыптастыру», - делінген хабарламада.

Жобаның бастамашысы 1,5 млн теңге грант ұтып алған «Жастар салауатты өмір салтына» бірлестігі.

ҮЕҰ төрағасы Е.Құдияровтың айтуынша, қазіргі таңда Семейдегі барлық жоғарғы және төменгі баспалдақтар, жаяу жүргінші жолдары, жер асты өткелдері боялып, әкімдік, сұлулық салондары, шаштараз бен сауда орындарының есіктері сарымен боялған. 




Яндекс.Метрика