Ұлт денсаулығы - табысты болашағымыздың негізі

«Промышленный» және «Оңтүстік-шығыс» аудандарының тұрғындарына арналған отбасылық денсаулық орталығы ашылды

Астанада «Промышленный» және Оңтүстік-шығыс тұрғын алабтарының тұрғындарына қызмет көрсететін «Ниет» отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Аталған мекеме бір ауысымда 150 адамды қабылдайды, деп Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Желтоксан , 09:45

«Жаңа орталық №2 аурухананың (Қошқарбаев, 64) негізінде құрылды. Орталықта ересектер мен балаларға жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, сондай-ақ, педиатрлар мен терапевттер қызмет көрсетеді»,-делінген хабарламада.

 Айта кетейік, дәрігерлер 3 ауысыммен жұмыс істейді.

Еске салайық, «Промышленный» кентінің медицина орталығы 14 жыл бойы халыққа жағдай жасалмаған бөлмелерде қызмет көрсетіп келді: тіркеу орнының ауданы 2 метр болса, екі дәрігер қабылдауды бір кабинетте жүргізген. Ал енді жаңа «Ниет» отбасылық денсаулық орталығының кең кабинеттерінде консультация алып, ем-дом қабылдауға болады. 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика