Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Көкшетауда 3 мың көшет отырғызу жоспарлануда

Көкшетау қаласында 3 мың көшет отырғызу жоспарлануда, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола02 Мамыр , 10:17

Бүгінгі таңда облыс орталығында екі мыңнан астам ағаш және бұта көшеті отырғызылып, тағы 3 мыңын отырғызу жоспарлануда. 5 мамырдан бастап қалада 23 мың шаршы метрден астам жерде гүл отырғызу басталмақ.

Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша 2015 жылдан бастап аула аумақтарын абаттандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл қалалық билік өкілдері 12 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ниетті.

Қалада аулаларды ағымдағы жөндеу жұмысы жалғасып жатқанын айта кету керек. Бұдан бөлек, биылғы жылы 16 ойын, 7 спорт алаңы абаттандырылып, тағы 3 алаң салынбақ. 




Яндекс.Метрика