Жаңа қазақстандық патриотизм

Алматыда «Президенттің сыныптастары» кітабының тұсаукесері өтті

Алматыда Н.Назарбаевтың сыныптастарының естеліктерімен жазылған «Президенттің сыныптастары» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.
Алматы қаласы21 Желтоксан , 09:11

Кітап Н.Назарбаевтың орта мектепті бітіргеніне 55 жыл толуына орайластырып шығарылып отыр.

«Президент өмірін қазақстандықтар біледі. Алайда жастық шағының кейбір сәттерін тек сыныптастарының ғана аузынан естуге болады. Солар міне, бүгінгі кітаптың авторларына айналып отыр», - дейді «Нұр Отан» партиясы хатшысының кеңесшісі, «Ақ Орда» РҚ төрағасы Қанат Мұсағұлов.

Оның айтуынша, кітапты алғаш болып Елбасының өзі оқыған және кітап оның көңілінен шыққан.

«Мысалға, Президенттің әрдайым бестік баға ала бермегені анық. Алайда ол мектепті алтын белгімен тәмамдағанын да білеміз. Мектеп өмірінің осындай кезеңдерін сыныптастарынан басқа ешкім де білмейді. Оның бала күнгі құрбы-құрдастары әлемдік дана саясаткердің қарапайым адамдық қырын да ашып айтады. Менің жеке өзім Мемлекет басшысының қарапайым адам ретіндегі бейнесі мен өмірге деген көзқарасына қызығушылық танытамын. Осы кітапты оқи отырып Назарбаевтың Құдайдың бізге жіберген адамы екенін көресіз», - дейді Мұсағұлов.

Кітап қазақ тілінде 1 данамен басылды. Енді оны келер жылы орыс тіліне аударып басу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, шараға Назарбаевтың сыныптастары мен ұстаздары, 96 жасар Сейітхан Исаев пен 94 жастағы Әсет Асқаров қатысты.

Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері қатысты. 




Яндекс.Метрика