Ұлтаралық бірлік

А.Османов: Бейбітшілік – ол тұрақтылық және ұрпақтар бақыты

«Ахыска» түрік этно-мәдени орталығы» ҚҚ Меркі аудандық филиалының директоры Айваз Османов барша қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Астана қаласы 29 Сәуір, 15:34

«Барша қазақстандықтарды, бүкіл әлемнің жұмысшы халнық 1 мамыр – Қазақстандағы халықының бірлігі күнімен құттықтаймын. Бірінші мамырды біз – Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр! ретінде атап өтетінбіз. Бүгінде оны Қазақстандағы халықтардың ынтымақ күні ретінде тойлаймыз. Баршаңызға зор денсаулық,  табыс, ең бастысы біздің ғаламшарда бейбітшілік пен тұрақтылық болсын және өскелең ұрпақтың бақытын тілеймін», - деп құттықтады А.Османов.

Ол атап өткендей, этно-мәдени бірлестіктер Президент алдымызға қоятын барлық міндеттерді жүзеге асыруға атсалысып келеді.

«Мемлекет басшысы жыл сайын этно-мәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА кеңесінің мүшелері  алдында міндеттер қояды. Біздің Қазақстан, халқымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі үшін олармен жұмыс істеп, жүзеге асыруға тырысамыз», - деп сендірді А.Османов.

Қайрат Жандыбаев

Фото автордан 





Яндекс.Метрика