АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Атамекен» ҰКП ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов және «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Кулибаев Астанада өткен ұлттық палата отырысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Астана қаласы28 Сәуір , 18:47

Аталған Келісім ҚР АШМ және «Атамекен» ҚР ҰКП арасындағы тиімді ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті дамытуға серпін береді.

«Қазақстандық аграрлық сектордың үлкен әлеуетін ескерсек, бұл ынтымақтастық отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға, өндірісті арттырып, сыртқы нарықтарға шығуды ұлғайтуға ықпал ететін болады», - деп атап өтті министр.

АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу сәтінен бастап ауыл шаруашылығы министрі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен де және өңдеушілермен де тығыз өзара іс-қимыл жасады.

«Қол қойылған келісім еліміздің Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтастық жасау және жұмыстарды үйлестіруді нығайту үшін база жасайды. Бұл АӨК саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша бірыңғай келісілген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді», - деді Т. Кулибаев.

Аталған Келісім АӨК субъектілерін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуге, фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге, ветеринариялық бақылауға және отандық өнім өндірісін арттыруға ынталандыратынын айта кеткен жөн.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика