Өңірлер

«Манғыстау-Үстірт» халықаралық экспедициясы басталды

Атырау қаласында «Манғыстау-Үстірт» халықаралық экспедициясы басталды.
Атырау29 Сәуір , 11:34

Экспедицияға қатысушылар – Атырау, Ақтау, Жаңаөзен қалаларының ынтагерлері, Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларынан келген «Ресей географиялық қоғамының» мүшелері. Экспедиция серіктестері -  «ҚазМұнайГазӨнiмдерi»ЖШС, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы. Ал, экспедицияны ұйымдастырушылар «WheelsBrothers» мотоклубы.  

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының ақпараты бойынша, экспедицияның мақсаты – Батыс Қазақстанның ең әсем жерлерін көруге мүмкіндік беретін бағыттарды жасақтау.

Ұйымдастырушылардың басты міндеті туристерге өңірді өтіп бара жатып емес, толық бір бағытпен жүре отырып танысуға мүмкіндік беру. 

Экспедиция Қазақстандағы ішкі, сыртқы экологиялық, танымдық, оқиғаға толы және экстрималды туризмнің дамуына қосатын үлес болып табылады.

Халықаралық туристер қоғамы үшін өңір айтарлықтай қызық болғанмен, кең далаға кіріп кетуге кез-келгеннің дәті бара бермейді. Су көздері, түнеп шығу орындары, анықтама беретін орталықтар туралы нақты, әрі жүйелендірілген ақпараттың жоқтығы көптеген жандарды Үстірт шоқысы мен Маңғышлақ жартыаралын тамашалау  мүмкіндігінен айырып отыр.

Айта кетерлік жайт, аталмыш экспедиция өз алдына туристер мен барлық ниеті бар азаматтарды осы бағыт арқылы осынау табиғаты әсем жерлермен таныстыру міндетін қойып отыр. 




Яндекс.Метрика