Өңірлер

Алматыда жаңғыртудан кейін тұрмыстық химия өндірісі іске қосылды

Индустрияландыру картасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қатысушысы «Кедр-7» ЖШС жаңғыртудан кейін тұрмыстық химия өндірісін іске қосты.
Алматы қаласы29 Сәуір , 10:36

Алматы қаласы кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық дамыту басқармасынан хабарлағандай, құрал-жабдықтарды жаңарту өндіріс қуаттылығын арттыруға, тауардың өзіндік құнын  шетелдік аналогтармен салыстырғанда 2 есе төмендетуге мүмкіндік берді.

Тауарлар ассортиментінің 50 атауы бар, олардың ішінде бактерияға қарсы сұйық сабын, жуу құралдары, кір жуу гелі, шыны тазартқыштар бар. Кәсіпорынның бас директоры Самир Али Дерехтың айтуынша, өндірілген өнімнің  60% Алматыда қалса, қалған 40% Қазақстанның өзге аймақтарына жөнелтіледі. 




Яндекс.Метрика