Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Мемлекет басшысына «Құрылыс-Полимер» зауыты таныстырылды

Бүгін Индустрияландыру күні аясында Жалпыхалықтық телекөпірде Мемлекет басшысына Жамбыл облысындағы «Құрылыс-Полимер» ЖШС теңдессіз құрылыс материалдары таныстырылды.
Нұр-Сұлтан20 Желтоксан , 18:45

«Біздің зауыт посткеңестік кеңістік елдері үшін теңдессіз өнім шығарады. Ол жол, ғимарат пен өзге де құрылыстарда пайдаланылады. Біздің тауарларды қолдану нысанның өзіндік құны 10-12 пайызға дейін азайтады», - деді «Құрылыс-Полимер» ЖШС директоры Марк Векслер.

1,77 млрд теңгелік зауыт жобасы 915 млн теңгелік «Пайыздық үстемені субсидиялау» құралы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қолдауымен үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылды.

«Құрылыс-Полимер» өнеркәсіптік кешені құрамында түрлі құрылыс түрлері, автокөлік және темір жол, өндірістік және ауыл шаруашылығы нысандарын құрылысына пайдаланылатын полимерлі өнім бойынша 16 инновациялық бағыт жұмыс істейді.

Кәсіпкерліктің жылдың өндірістік қуат 32 млн. текше  метрлік өнім.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика