Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ШҚО-да туристік аймақтарға апаратын жолдар жөнделуде

Шығыс Қазақстанда туристік базаларға апаратын жолдар белсенді түрде жөнделіп жатыр. Олардың арасында Алакөл, Марқакөл көлдеріне апаратын жолдар да бар, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан28 Сәуір , 16:11

2017 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға 5,7 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталады, оның ішінде қайта құруға - 231 млн теңге, орташа жөндеуге - 3,8 млрд теңге, күтіп-ұстауға - 1,7 млрд  теңге.

Сапалы жөнделген жолдар шығысқазақстандықтардың демалыс орындарына қолайлы жетуін қамтамасыз етеді. Адамдар жиі баратын демалыс аймақтарына баса назар аудара отыра, биыл Алакөл көліне апаратын жолды жөндеу жалғастырылмақ. Марқакөл көліне апаратын «Теректі – Урунхайка – Тосқайың» жолы қайта құрылмақ.  

Бұдан бөлек, Алтай Альпісі демалыс базасына, Абай ауданының Жидебай шатқалына апаратын жолдар да жөнделетін болады. 




Яндекс.Метрика