Парламент

Ішкі істер министрі ақылы көлік тұрақтары жайында айтып берді

Көлік тұрақтарын, әр түрлі деңгейдегі жаяу жүргіншілер өткелдерін және басқаларын салу, соның ішінде ақылы көлік тұрақтарын жасау арқылы елді мекендерге түсетін көлік жүктемесін азайту – жол қозғалысын ұйымдастырудың басты мәселесі, деді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ҚР Парламентінің Сенатында өткен үкімет сағатында.
Астана қаласы28 Сәуір , 12:31

«Ақылы көлік тұрақтары жүйелері қалалық магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді және халықты қоғамдық көлік қызметтерін пайдалануға ынталандырады. Мысалы, қазір Алматыда 5 мың орынға арналған 40 ақылы көлік тұрағы жұмыс істейді», - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, Астанада ақылы көлік тұрақтарын салу жұмыстары басталды.

«Мұндай тұрақтар жүйесі, сондай-ақ қалалардың барлық жол-көлік инфрақұрылымы әкімдіктің жанынан құрылатын бір мамандандырылған ұйым қарамағында болуы тиіс. Астанада қаланың барлық көлік кешенін басқару үшін Астана LRT арнайы ұйымы құрылды. Бұл мәселені қазір ұсынымдарға сәйкес еліміздің басқа өңірлерінің әкімдіктері қарастыруда. Ұсынымдарға сәйкес, мемлекеттік органдар заңнамалық шаралар кешенін қабылдауда», - деді Қ. Қасымов.

Инвестициялар және даму министрі жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік аудитін енгізу, жолаушылар тасымалына қызмет көрсету кезінде субсидиялар төлеу мәселелерін пысықтау үстінде.

Отырыс барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун жуық арада Астанада ақылы көлік тұрағы жүйелерін енгізу басталатынын хабарлады.

«29 мамырда біз алғашқы 400 орынға арналған ақылы көлік тұрақтары бойынша пилоттық жоба енгіземіз, ал биылғы жылдың сәуірінде қаланың тағы 9 мың орны ақылы көлік тұрағына айналады», - деп анықтады ол.

Еске сала кетейік, бұрын ішкі істер министрі Қ. Қасымов көлік аялдамалары мен тұрақтарын бұзған үшін айыппұл сомаларын төмендетуді ұсынған болатын.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика