ҚР Президентінің Жолдауы

Жамбыл облысында «Нұрлы жер» аясында 922 тұрғын үй салу жоспарланған

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Жамбыл облысында 309 көппәтерлі және 922 жеке тұрғын үйлерді салу жоспарланған, деп хабарлады Аймақтық коммуникация қызметі.
Жамбыл28 Сәуір , 13:47

Бүгінде Таразда жеке тұрғын үйлердің құрылысы басталып кеткен.  Жаппай құрылыс жүргізілетін алаң 362,2 га алқапты алып жатыр.

Жер учаскесін алуға кезекте тұрғандар жеке тұрғын үй алуға таласа алады.

«Сонымен қатар аймақ басшысына жаңа шағын ауданның жобасы жасақталып таныстырылды.  Архитекторлардың ойластыруы бойынша ол қала кіреберісінде 100 гектар алқапқа оналасады.  Құрылыс алаңы 355 мың шаршы метр немесе 49 көппәтерлі үйден тұратын 5 460 пәтерді салуға мүмкіндік береді.  Аталмыш ықшам аудан 5 600 адамға есептелген. Оның инфрақұрылымына сауда-ойын сауық кешендері, неке қию сарайы, 1200 орынға есептелген екі мектеп пен әр қайсысы  250 орынға шақталған үш балабақша кіреді», - делінген АКҚ хабарламасында.  

Жаңа шағын ауданның құрылысы  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен «Өз үйім» бағдарламасы аясында жүргізіледі. 




Яндекс.Метрика