«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Таразда 6 тұрғын үй салынады

Ағымдағы жылы жамбылдықтарға 480 пәтерге арналған 6 көппәтерлі тұрғын үй беріледі, деп хабарлады өңірлік орталық коммуникациялар қызметі.
Жамбыл29 Сәуір , 10:02

ЖАО (жергілікті атқарушы органдар) желісі бойынша«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында, Тараз қаласының «Арай» алабында 480 пәтерге арналған 6 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның болжалды аяқталу мерзімі - ағымдағы жылдың  маусым айы.

Осы бағыт бойынша тұрғын үй Банк салымшылары мен ЖАО –да кезекте тұрғандарға өткізіледі (50% / 50% бағыты бойынша).

Дауыс беруге қатысуға өтініш берген әкімдікте кезекте тұрғандар саны жетпеген жағдайда, тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары арасынан басқа өтініш берушілер арасында бөлінеді.

Қазіргі таңда, алғашқы 3 үй бойынша дауыс беру өткізіліп қойды, пәтерлерді сатып алушылар пұлы да құрылды. Қалған 3 үй бойынша өтініштерді қабылдау 2017 жылдың маусым айында жүзеге асырылады. Аталған үйлердің 1ш. метрі үшін баға 116 мың тенгені құрайды.

ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй» бағыты бойынша осы шаршы метрлерді алуға Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жылда баспанасы болмаған Банк салымшылары/ЖАО – да кезекте тұрғандар талаптана алады. Сонымен қатар, клиент пәтер алған сәтте оның депозитінде пәтер бағасының 30 %-нан кем емес сомасы болуы керектігін  білгені маңызды. Осындай үйлерді сатып алу үшін тұрғын үй заемдарына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық 5 %-бен береді.

 




Яндекс.Метрика