Парламент

2016 жылы полиция қызметкерлері 3,5 млн ЖКО-ның алдын алған

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,5 млн жол көлік оқиғасының алды алынды. Бұл туралы Сенаттағы үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.
Астана қаласы28 Сәуір , 10:52

«Ресми статистика  бойынша, соңғы жылдары  автотұрақтардың көбеюіне қарамастан  жолдарымызда  апаттық жағдайдың саны едәуір қысқарды. Егер  2013 жылы  көлік-транспорттық  оқиғалар  65 пайызды құраса,  2015-2016 жылдары  бұл көрсеткіш  апаттық жағдайлар көрсеткіші бойынша төмендеді. Биылғы жылы да оң динамика байқалып отыр, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында  ЖКО  13,2 пайызға қысқарды», - деді министр.

Тәжірибе көрсеткендей, апаттық жағдайлардың  негізгі көрсеткішетерінің қысқаруы 2014 жылы «Жол қозғалысы туралы»  заң жобасын  қолдау бойынша қабылданған   әкімшілік тәжірибе бойынша жүзеге асырылды.

Өткен жылы  полиция  3,5 млн  жол көлік апатын анықтап, алдын алды.

«35 мың жүргізуші алкоголь қолданған күйі ұсталды, сот  тәртібінде  49 мың жүргізушінің жүргізуші куәлігі алынды.  Әкімшілік тұтқындауға 5 мың жүргізуші түсті. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолында болған  182 мың ереже бұзушылық анықталды», - деді ведомство басшыы.

Қ.Қасымовтың айтуынша, жол қауіпсіздігін қамту бойынша 2020 жылға дейінгі  Ұлттық тұжырымдама жасақталды. Оның басты мақсаты  жол қозғалысы қатысушыларының ЖКО оқиғаларынан сақтандыру.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика