Халықаралық интеграция

Ұлан-Баторда Қазақстан мен Моңғолия қарым-қатынасының 25 жылдығына арналған фотокөрме өтті

Ұлан-Баторда Қазақстан мен Моңғолияның дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығына арналған фотокөрме өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде 28 Сәуір, 10:34

Көрменің ашылуына Моңғолия сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Қалыбек Қобыландин, Парламент депутаттары мен жергілікті орган басшылары, қазақ диаспора өкілдері мен Моңғолияның қоғам қайраткерлері қатысты.

Өз сөзінде  Моңғолияның сыртқы істер министрінің орынбасары Батмунхийн Батцэцэг айтып өткендей, көрме  екіжақты қарым-қатынастың нығаюы мен тереңдеуіне әсер етіп,  екі ел арасында достастықтың векторы болмақ.

Шара  барысында Қ.Қобыландин  Моңғолияның Қазақстандағы бұрынғы елшілеріне алғашқы қазақ дипломаты Нәзира Төреқұлова атындағы  ҚР СІМ медальдарын табыс етті.

 





Яндекс.Метрика