Халықаралық интеграция

Қазақстан Кореяның медұйымдарын басқару тәжірибесін меңгеруде

Астанада Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығы» АҚ мен Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты арасында бірлескен ынтымақтастық пен МЖС инвестициялық жобаларын ілгерілендіру бойынша меморандум түзілді.
Астана қаласы28 Сәуір , 10:13

Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы  хабарлағандай,  кездесу барысында тараптар  корейлік  клиникалардың  МЖС аясындағы нысан жобаларын   басқару  мәселелерін талқылап, корейлік медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыруды қарастырды.

«Кореяның медициналық ұйымдарына баратын азаматтар бар,  олар медициналық туризм мақсатымен барады.  Осы орайда  біз бірқатар ұйымдардың  медқызметтерін басқару тәжірибесін меңгерсек дейміз. Сондықтан да, аталмыш жобаларды  жүзеге асыруды жөн көрдік», - делінген  хабарламада.

Ынтымақтастықтың  алғашқы қадамы  өзара түсінушілік туралы  меморандумға қол қойылуы болды, ол өзара табыс ұстанымына сәйкес, теңдік пен достастық, өзара тиімді қарым-қатынасты қарастырады. Бұл құжат бірлескен жобаларды  жүзеге асыруға септігін тигізіп, екі елдің  нарықтарына шығуға мүмкіндік береді. 




Яндекс.Метрика