ҚР ИИДМБ

Ақмолалық зауыттың өнімдері шетелде үлкен сұранысқа ие

Ақмолалық зауыттың полипропилен мен полиэтилен жұмсақ қамтамалары жақын шетелде үлкен сұранысқа ие. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі Малик Мурзалиннің Зеренді ауданына жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Ақмола 28 Сәуір, 09:51

Сонымен әкімдіктің ақпараты бойныша, аймақ басшысы алғаш болып «Новопэк»ЖШС-ның  жұмысымен танысты. Өндіріс ошағы Қазақстан бойынша полипропилен мен полиэтилен жұмсақ қамтамаларын және «биг-бэг» үлгісіндегі контейнерлер мен қапшықтарды өндіретін ең ірі кәсіпорын.  

Фабрика өнімділігі айына 10 млн қап пен  «биг-бэг» үлгісіндегі 150 мың контейнерді шығаруға жетеді. Компанияның өнімі әсіресе жақын шетелде үлкен тұранысқа ие.

«Бүгінде Ресейден шыққан әр үшінші қанттың қаптамасы біздің фабрикада жасалған», - деп ағынан жарылды кәсіпорын жетекшісі Айдар Жақыпов.

Зеренді ауданында аймақ басшысының аралаған екінші нысаны «Milk Project»ЖШС болды. Онда мекеме құрылтайшысы сүт өндірісі технологиясын таныстырды.

2012  жылы ИИДМБ аясында қуаттылығы жылына  16,5 млн литрге жететін «Асептикалық сүт пен сүт өнімдері қамтамасын өндіру желісі» жобасы іске қосылған болатын.

Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ауданда тәулігіне  15 тонна сүт қабылдай алатын 4 қабылдау пунктті ашылды. Алайда В. Маначинскийдің айтуынша, бұл зауыттың толық қуаттылықта жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз. Бүгінде  «Milk Project» ЖШС өнімі Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Мәскеу, Санкт-Петербург пен Омбы тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.

Бұдан басқа, Малик Мурзалин «Altyntau Kokshetau» АҚ аралады. 2010 жылы мамыр айында құны 58 млрд теңгеден асатын  Васильковск алтын кен орнын игеру мен алтыншығару фабрикасының құрылысы басталды. Оның өндіріс қуаттылығы жылына 12,5 тонна Доре алтын құймасын құюға жетеді.  

Кәсіпорын басшысы Игорь Когайдың айтуынша, Васильковск кен орнының инфрақұрылымы Қазақстандағы ең ірі металлургиялық кәсіпорындардың бірі. Кенорнының шикізат қоры тағы 30 жылға жетеді және өткен жылы фабрика толық қуаттылығына көшті.

Фабриканың тыныс тіршілігімен танысқан облыс әкімі оның аймақтағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі екенін және аймақ экономикасына қолайлы әсер етіп, Көкшетау мен Зеренді ауданының 2500-ден астам тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыпғанын атап өтті. 





Яндекс.Метрика