Халықаралық интеграция

Орынбор қаласының орталығында 6 киіз үйден тұратын этноқалашық орнатылды

Орынборда Ақтөбе облысының күндерін өткізу аясында ақтөбеліктер Орынбор орталығында 6 юртадан тұратын этноқалашық орнатты, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Әлемде 28 Сәуір, 09:11

«Шекаралас ынтымақтастық тарихында алғаш рет Орынборда Ақтөбе облысының күндері аясында дөңгелек үстелдер, кітап көрмесі, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың қазақ труппасының спектакльдері ұйымдастырылады. Ақтөбе облысы мен Орынбор облысы екі ел тарихындағы өңіраралық халықаралық байланыстарды дамыту үлгісі болып табылады», - деп атап өтті әкімдікте.

Негізгі шаралар 28 сәуірге жоспарланған. Бұл күні Ю.Гагарин атындағы алаңда 6 ютрадан тұратын этноқалашық орнатылып, ақтөбелік ауыл шаруашылық өндірушілердің жәрмеңкесі өтпек. Сонымен қатар, қазақ тіліне, халықтық қолданбалы өнерге үйрету бойынша шеберлік сабақтары, денсаулық сақтау және білім беру саласы қызметкерлері үшін дөңгелек үстелдер өтеді, ақтөбелік «Арбатта» кәсіби суретшілердің жәрмеңке-көрмесі ұйымдастырылады.

Ақтөбе және Орынбор облыстарының ресми делегацияларының кездесуі кезінде екі өңірдің басшылары бірқатар келісімдерге қол қоюды жоспарлауда, атап айтқанда, Бердібек Сапарбаев пен Юрий Берг мемлекетттік биліктің атқарушы органдарының Орынбор және Ақтөбе облыстарының шекаралық ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасы мәселелері бойынша әрекеттер үйлесімінің механизмі туралы меморандумға қол қояды. Сонымен қатар, тараптар ауыл шаруашылықты, кәсіпкерлікті дамыту салаларында өзара қарым-қатынас жасауға ниетті.

Осыған байланысты, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ақтөбелік бизнес қоғамдастық өкілдері «Оренбив» ЖШҚ ет өңдеу комбинатының қызметімен таныспақ.

Орынбор қаласындағы Ақтөбе облысының күндерінің салтанатты ашылуы Ю.Гагарин атындағы алаңда өтетін болады, орынборлықтар «Дәстүрім салтым – шарықтар даңқым» шығармашылық ұжымының театрландырылған мерекелік бағдарламасын тамашалап, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық шараларға, спорттық ойын түрлерінің достық кездесулеріне қатыса алады.

Бұдан бөлек, «Республикалық және федералдық деңгейдегі автомобиль жолдары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ мемлекеттік шекаралар қиылысуы», «Ресей мен Қазақстанның шекаралас өңірлерінің экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығы» тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру жоспарланған.

Ақтөбе облысының инвестициялық көрмесі кезінде ақтөбелік кәсіпорындардың мүмкіндіктері мен әлеуеті көрсетіледі.

Ақтөбе облысының күндерін Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филормонияның шығармашылық ұжымы дайындаған «Айналдым, Атамекен!» гала-концертімен аяқталды.





Яндекс.Метрика