Мемлекет басшысының өкімдерімен Абилфас Муслимович Хамедов және Сергей Викторович Вишняк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Осы ретте, Мемлекет басшысының өкімдерімен Розақұл Сатыбалдыұлы Халмурадов және Леонид Николаевич Питаленко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.