Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ел өңірлерінде аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша семинарлар өтеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ел өңірлеріндегі мамандарды «Өрлеу» жобасы мен жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелеріне оқытады, деп хабарлады ведомство.
Казахстан28 Сәуір , 08:46

"ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері жыл соңына дейін жергілікті атқару органдарының 500-ден астам қызметкеріне «Өрлеу» жобасын түсіндіру мен жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелері бойынша оқу семинарларын өткізеді", - делінген хабарламада.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 25-26 сәуір күндері Қостанай қаласында Министрлік өкілдері Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары мамандарына көшпелі оқыту сабақтарын жүргізді. Шараға облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының 70 маманы қатысты.

Оқыту барысында аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік қолдау көрсетудің жаңа тәртібі, «Өрлеу» жобасын жүзеге асыру кезіндегі ақпараттық жүйелердің жұмысы талқыланды.

Бұған дейін, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында, Министрлік қызметкерлері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары мамандарына сәйкес семинарлар өткізіп, бұл шараларға 150-ге жуық адам қатысқан. 




Яндекс.Метрика