Өңірлер

Қарағанды өнер колледжі жаңа ғимаратқа көшті

Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі жаңа ғимаратқа көшті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Астана қаласы27 Сәуір , 20:21

Енді болашақ актерлер, режиссерлер мен музыканттар қолайлы жағдайларда оқитын болады. Үш қабатты ғимаратта асхана, кітапхана, спорт, акт және хореография залдары болады. 

Әкімдікте атап өткендей, қазір ғимаратқа жөндеу жұмыстары қажет.

Білім басқармасы он рояль, ұлттық оркестрге арналған костюмдер, компьютерлер, т.б. сатып алады.

«Ғимаратты жөндеу бірінші қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс», - деп хабарлады әкімдік.




Яндекс.Метрика