АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ШҚО-да сүт өндірісі 900 мың тоннаға артады

ШҚО-да сүт өндірісі 900 мың тоннаға артады, деді ОКҚ брифингінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Астана қаласы 27 Сәуір, 19:21

 «Біз 836 мың тонна сүт өндіреміз.  Биыл  өндіріс  900 мың тоннаға жетті. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш», - деді Даниал Ахметов.

«2016 жылы агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 10 пайызға артып, 46,5 млрд. теңгені құрады. Облыс сүт өндірісі бойынша республика көлемінде 836 мың тонналық көрсеткішпен көш басында тұр. Мұндағы қосалқы шаруашылықтардың үлесі 70 пайыз», - деді ол.

Өңірде  51 сүт қабылдау пункті шоғырланған, оның ішінде өткен жылы 33 сүт қабылдау пункті ашылды. Олардың жылдық қуаты 24 мың тонна. 41 тауарлы-сүт фермалар жұмыс істеп тұр.

«Осының барлығы ауылдарда ұсақ шаруашылықтар мен фермалардың кооперативке бірігіп, табысты әрі заңды бизнестің дамуына жағдай туғызатын болады.  Агроөнеркәсіптік кешенде (АӨК)  барлығы 204 кооператив құрылды», - деді ол.

Облыстың экспорттық әлеуетін арттыру  мақсатында өнімдері өңдеу бойынша инвестициялық жобалар іске асырылып, ҚХР стандарттарын ескере отырып, қазақстандық өнімді сертификаттау зертханасын ашу мәселесі қарастырылуда.

 

 





Яндекс.Метрика