Басқару

ҚР Президенті ОҚО-дағы алма өсіру технологиясымен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «DALA-FRUIT.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область27 Сәуір , 16:09

Қазақстан Президенті жоғары технологияларды қолдану арқылы алма өсіріп, оны сақтаумен және сатумен айналысатын «DALA-FRUIT.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінен хабардар болып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады.

« Бұдан 10-15 жыл бұрын өзіміз осындай алуан түрлі өнім өндіреміз деп ойлап па едік? Ал бүгін ол шындыққа айналды», – деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналған көпшілікке бақ-береке тілеп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ниеттестігін білдірді.

Серіктестік жылына 8-10 мың тонна алма өсіреді. Компания өз жұмысында бақ өсіру саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді қолданады.

 




Яндекс.Метрика