Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

KAZ Minerals тобы мыс өндіруді 16 пайызға арттырды

2017 жылдың 1 тоқсанында KAZ Minerals Тобы 52,1 мың тонна мыс өндірді. Бұл 2016 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 16%-ға, ал 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 130%-ға артық, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан27 Сәуір , 19:49

Компания сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасының сәтті іске қосылуының және Бозшакөл кен байыту фабрикасындағы өндіріс үдеуінің арқасында мұндай өсімге қол жеткізді.

Топ 16,9 млн тонна кен өндірді. Бұл көрсеткіш өткен тоқсанмен салыстырғанда 27%-ға, ал былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 59%-ға артты. Бұл 16,9 млн тонна кеннің 7,7 млн сульфидті кені Ақтоғай мен Бозшакөлдің фабрикаларында қайта өңделді, 4,2 млн тонна оксидті кен Ақтоғайдағы шоғырлы сілтісіздендіру панельдеріне жүктелді, ал 5,1 млн тонна каолин балшығы бар кен Бозшакөлде қоймаланды. Қайта өңделген кендегі мыстың үлесі – 0,80%.

 




Яндекс.Метрика