Басқару

Н.Назарбаев «Gold Aluminum» ЖШС қызметімен танысты

Елбасы «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область27 Сәуір , 12:28

Қазақстан Президенті жұмыс сапары аясында терезеге арналған алюминий бұйымдарын жасауға маманданған «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты.

Елбасы ақпараттық стэндтер мен экспозициялық үлгілерді көріп, кәсіпорынның жұмыс жоспарларымен танысты.

«Жеке өндіріс ашып, импортталатын тауарлардың орнын басу – еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды міндеттің бірі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы компания қызметкерлерімен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тіледі және кәсіби жетістіктерге жетуіне ниеттестігін білдірді.

Кәсіпорын Индустрияландыру картасы аясында 2014 жылы іске қосылған. 2016 жылы «Gold Aluminum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 750 тоннаға жуық алюминий бұйымдарын шығарған. Кәсіпорын өнімдері таяу шетелдерге экспортталуда.

 




Яндекс.Метрика