Халықаралық интеграция

Қазақстан әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жағдай туғызуға ықпал жасауда – С.Жасұзақов

ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов халықаралық қауіпсіздік бойынша VI Мәскеу конференциясында баяндамамен сөз сөйледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 27 Сәуір, 12:56

Ауқымды форумның негізгі тақырыптары лаңкестікпен күресу өзекті мәселелері, Еуропадағы, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік проблемалары, Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Орта Азиядағы ахуал болды.

Конференцияның жұмысына 750-ден астам қатысушы қатысты. Олардың арасында 20-дан аса қорғаныс министрі мен әскери ведомство бас штабтарының 14 бастығы, 86 мемлекеттің сарапшылар қоғамдастығы мен академиялық ортаның өкілдері, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ҚКХК халықаралық ұйымдарының өкілдері болды.

«Бүгінде лаңкестік және экстремизмге қарсы күрес сөзсіз халықаралық күн тәртібінің негізгі тармағына айналды. Қазақстан әлем мен өңірде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдай туғызуға ықпал жасауда. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Астана сириялық шиеленісті ретке келтіру бойынша саяси диалогтің алаңына айналды», - деп ҚР Қорғаныс министрі өзінің сөз сөйлеу барысында атап өтті.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оны «бейбітшілік, ынтымақтастық және қауіпсіздік аймағына» айналдыру үшін өңір үшін маңызды қауіпсіздік проблемаларды көтеруге ниетті екенін атап өтті.

Конференция шеңберінде пленарлық отырыстарда сонымен қатар бірнеше елдің қорғаныс министрлері, танымал саяси және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Бүгінгі таңда халықаралық қауіпсіздіктің анағұрлым көкейкесті мәселелерін талқыға салу үшін форум өзінің беделді алаң ретіндегі рөлін нығайтып жатқанын атап өту қажет. 





Яндекс.Метрика