Инвестициялар

«Самұрық-Қазына» қоры Инвестор күніне орай Алматыда 19 кәсіпорынды таныстырады

«Самұрық-Казына» АҚ Алматыда әлеуетті серіктестер мен инвестолар үшін Инвестор күнін өткізіп, жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру және бірқатар активтер туралы ақпарат беруді жоспарлап отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Алматы қаласы27 Сәуір , 18:34

« «Самұрық-Казына» қоры Қазақстан Үкіметі бастаған жекешелендіру бағдарламасы аясында маңызды рөл атқарады. Бұл үлкен жауапкершілік, және осы ауқымды міндетті орындау жолында қазақстандық инвесторлар белсенділік танытады деген үміттеміз», - деп санайды Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Алматыда өтетін Инвестор күні барысында Қордың қоржындық компанияларының («Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ,  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ) басшылары, сондай-ақ бағдарлама шеңберінде сатылатын компаниялардың жетекшілері баяндама жасайды.Олардың қатарында жылдық жүк айналымы 15 млн тоннаға жететін, құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық дәрежеде тасымалдайтын Қазақстанның жалғыз теңіз порты - Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Қазтеңізтрансфлот болса, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан елдерінің Каспий жанындағы порттарына және ашық теңізге мұнай мен мұнай өнімдерін, конейнерлерді тасымалдайтын Қазақстандағы теңіз тасымалының ірі операторы. Астана Солар – жылдық қуаты 60 МВт жететін фотоэлектр модульдерді шығарушы компаниялар тобы. 

 Еуро-Азия Эйр – ҚР мұнай-газ саласына қызмет көрсететін, өзінің әуе паркі бар, теңіздегі бұрғылау қондырғылары мен аралдарға ұшуларды, апаттардан құтқару жұмыстарын және чартерлік VIP-ұшуларды қамтамасыз ететін Қазақстанның ірі тікұшақ әуе компаниясы.




Яндекс.Метрика