Білім беру

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымшылары 2016 жылдың сыйақысын алды

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) салымшылары болып табылатын ҚР азаматтары 2016 жылға мемлекет сыйлықақысын алды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ.
Астана қаласы27 Сәуір , 15:47

2017 жылы МБЖЖ білім депозиттерін ашқан 13 мың салымшы 556 миллион теңге мөлшерінде Республика бюджетінен мемлекет сыйлықақыларымен көтермеленді.  

Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын бір уақытта төленеді. Бұған дейін мемлекет сыйлықақысы екі мәрте төленді: 2015 жылы – 4 748 мың теңге, 2016 жылы – 325 657 мың теңге.

«Барлығы төленген мемлекет сыйлықақысының сомасы– 897 миллион теңге», - деп хабарлады  орталық.

Қазіргі уақытта МБЖЖ жүйесінде тіркелген салымшылардың саны 17 мың адамнан асады. Ашылған білім депозиттерінің жалпы сомасы 11,5 миллион теңгеден асады.  

Мемлекет сыйлықақысы – ақылы білім алуға жалпы қолжетімділікті арттыру мақсатында білім беру депозиттерін ынталандырудың қосымша шарасы. Сыйлықақының мөлшері   5% немесе 7% құрайды. 7% мөлшеріндегі көтеріңкі сыйлықақы мемлекеттен әлеуметтік әлсіз санаттағы азаматтарға – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, аз қамсыздандырылған отбасылардағы және көпбалалы отбасылардағы балаларға бөлінеді.  

Сыйлықақыны есептеу жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 1 жыл толған салымдағы нақты жинақталған сомаға жүргізіледі.  

Нақты жинақталған сома: салымшының өз жарналарынан, 14% (ЖТСМ) мөлшеріндегі банктің сыйақысынан, өткен жылдар үшін төленген мемлекет сыйлықақысынан құралады.  




Яндекс.Метрика