Парламент

Сенат Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы заңды қабылдады

Парламент Сенаты «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады. Біздің еліміздің Гаага конференциясына мүше болуы Қазақстан құқық жүйесінің әлемдік стандарттарды ескере отырып, одан әрі дамуына, қазақстандық азаматтардың шет елдердегі мүдделері мен құқықтарының қорғалу тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев Парламент Сенатында мәлімдеді.
Астана қаласы27 Сәуір , 10:37

Членство нашей республики в Гаагскую конференцию будет способствовать дальнейшему развитию правовой системы Казахстана с учетом мировых стандартов, повышению эффективности защиты прав и интересов казахстанских граждан за рубежом. Об этом сообщил министр юстиции РК Марат Бекетаев в Сенате Парламента РК.

«Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мақсаты халықаралық жеке құқықтың ережелерін бірте-бірте унификациялауға ұмтылу болып табылады. Оның құрамына 81 ел мен Еуропалық Одақ енеді. Бүгінгі таңда Гаага конференциясының аясында 39 конвенция жасалған болса, біздің еліміз олардың 8-ін ратифициялады», - деді М.Бекетаев.

Ол айтып өткендей,  біздің еліміздің Гаага конференциясына мүше болуы Қазақстан құқық жүйесінің әлемдік стандарттарды ескере отырып, одан әрі дамуына, қазақстандық азаматтардың шет елдердегі мүдделері мен құқықтарының қорғалу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Ұйымның негізгі органдары  саясат пен ортақ іс жөніндегі кеңес пен дипломатиялық өкілдердің  кеңесі  болып табылады. Аталмыш органдардың шешімі  консенсус  негізінде қабылданды. Бұл қатысушы елдердің  пікірін ескеруге мүмкіндік береді», - деді М.Бекетаев.

Ол айтып өткендей, ұйымға ену жыл сайынғы  мүшелік  6850 еуроны  енгізуді  қарастырады. Аталмыш шығындар  СІМ-нің бюджеттік  бағдарламасына  сәйкестендірілген.

«Гаага конференциясының жарғысы ҚР Конституциясына қайшы келетін нормаларды қарастырмайды», - деді М.Бекетаев.

Айта кетейік, Гаага конференциясының  құрамына 79 ел мен Еуропалық Одақ еніп, 80 мүшеге жетті.Гаага конференциясының құрамына ену Қазақстанға ортақ істер мен саясат жөніндегі кеңеске қатысуға, конвенция жобаларын әзірлеу үшін арнайы комиссиялар жұмысына қатысуға немесе Гаага конференциясы жұмысының аясында халықаралық жеке құқықтың барлық мәселелерін зерделеуге, Гаага конвенциясына үйлестіруді талдау барысында Гаага конференциясы мен оның мүшелерінің сараптамалық (техникалық) көмегін алуға, немесе өзге Гаага конвенцияларына қосылудың иімділігі мәселелерін қарастыруға мүмкіндік береді.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика