Евразиялық одақ

ЕЭК БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясымен ынтымақтастықты реттейді

ЕЭК алқасы ЕЭК және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) ынтымақтастығының 2019 жылға дейінгі бағдарламасын мақұлдады.
Әлемде27 Сәуір , 15:03

ЕЭК хабарлағандай, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 24 сәуірде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасында (СЭҚ ТН) көрсетілген бұйымдардың сипаттамаларын анықтаумен, сондай-ақ бірқатар тауарларды жекелеген кіші топтарға бөлумен байланысты шешімдер қабылдады.

Атап айтқанда, ЕЭК Алқасының шешімімен ЕАЭО СЭҚ ТН-ге енгізілетін түзету мақұлданды, онда «өңделген кәріптас, гагат (қара кәріптас)» терминінің мағынасы анықталады. Жаңа редакцияда бұл анықтамаға үстіңгі қабатты тегістеу немесе қырнау, сондай-ақ өтпелі саңылауларды бұрғылап тесу сияқты белгілері бар бұйымдар жататыны көзделеді. Бұл ЕАЭО елдері бизнесінің экспорттық-импорттық қызметін анағұрлым толық әрі дұрыс әкімшілендіруді қамтамасыз етеді және тиісті лицензияларды ресімдемей кәріптасты шығару жағдайларын болдырмайды.

Бұдан бөлек, ЕАЭО СЭҚ ТН жекелеген кіші тобына тұрмыстық мақсаттағы бетон араластырғыштар мен ерітінді қоспалауыштар (200 литрге дейін) жатқызылады, бұл осы тауарларды жеткізудің ашықтығы мен қадағалануын арттыруға мүмкіндік береді: бүгінде тұрмыстық пайдалануға және құрылысқа арналған техника бірыңғай тауарлық топ бойынша өтеді.

ЕЭК Кеңесі шешімдерінің жобалары мақұлданды, оларда ЕАЭО-ның илік заттар мен илеу препараттарына қатысты бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы мөлшерлемесін 5%-дан нөлге дейін төмендету, сондай-ақ ЕАЭО мен оның мүше мемлекеттері және Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімде көзделген тарифтік артықшылықты режим беруді уақытша тоқтата тұру тәртібін бекіту көзделеді.

ЕЭК Алқасы ЕЭК және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) ынтымақтастығының 2019 жылға дейінгі бағдарламасын да мақұлдады. ЮНКТАД-пен өзара іс-қимыл жасау ЕАЭО елдерінің өңірлік интеграциясы мен тұрақты экономикалық дамуына ықпал етеді және ЕАЭО мемлекеттерінің қатысуымен қосылған құнның еларалық тізбегін бағалау және талдау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған.  




Яндекс.Метрика