Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Өскеменде 10 мың ағаш отырғызылмақ

Шығыс Қазақстанда Өскемен тұрғындары екі айға созылатын көгалдандыру акциясы аясында белсенді түрде жаңа ағаштар отырғызуда.
Шығыс Қазақстан27 Сәуір , 18:12

Устинка LIVE хабарлағандай, ағаштар орталықта, Бажов көшесінің бойындағы саябақта отырғызылады, қаланың Сол жағалауына – 19-шы және 23-ші шағын аудандарға негізгі көңіл бөлінбек. Екі айлық акцияға ПИК, балабақшалар, мектептер, жоо, кәсіпорындар қатысады.

«ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көшеттермен тегін қамтамасыз етеді. Облыстық орталықта шырша, шаған, қайың, терек және шетен отырғызылады», - делінген хабарламада.

Акция барысында облыстық орталықта барлығы 10 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика