EXPO-2017

«Көне Тараз» паркі ЭКСПО-2017 қонақтары аралайтын орындар тізіміне енгізілді

Қазақ хандығының 550-жылдығына орай ашылған «Көне Тараз» республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш – археологиялық парк ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтары аралайтын қалалар тізіміне енгізілді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.
Жамбыл27 Сәуір , 11:17

Бүгінде Тараз – Жамбыл облысының ораталығы және жарты милионнан астам тұрғыны бар, Қазақстанның оңтүстік ірі индустриалды және мәдени орталығы. Тарихи ескерткіштерге бай қорының арқасында шаһардың туристік әлеуеті зор. 2011 жылы басталған көне шаһардың археологиялық қазба жұмыстары екі мыңжылдық тарихы бар бірегей артефактілерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Ғалымдардың айтуынша мұнда асфальт астында ескі қала бар және оның жасы кем дегенде екі мыңға жетеді.

«Алты жыл қатарынан көне Тараз қаласының кеңауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Осы уақыт аралығында археологтар VI-XII  ғасырларға тиесілі шамамен 50 мыңдай артефакт тапты, олар ортағасырлық қамал, VIII - IX ғасырлардағы мешіт, медресе, отқа табынушылардың мехрабы, зындан, көне Талас өзені сағасының жағасы,  тұрғын үйлердің іргетастары», - деп әкімдіктен толықтырды.

 20 гектар алқапқа шолу мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холлы бар этномәдени орталық, «Тараз саздары» стеласы, «Мыңбұлақ» саябағы,  қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттар қойылған музей нысаны орналасты.

Табылған көне заттар нақышына келтіріліп салынған ою өрнектерге бай және қолдан жасалған. Қыш ыдыс аяқтары, алтын, шыны мен металлдан жасалған заттарда бар. Санкт-петербург Эрмитажынан келген шығыстанушы-мамандар аз уақытта көптеп табылған тарихи құндылықтарға жоғары баға берді.

Енді белгілі болғандай, Қазақ хандығының 550-жылдығына орай ашылған «Көне Тараз» республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш – археологиялық парк ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қонақтары аралайтын қалалар тізіміне енгізілді.




Яндекс.Метрика