Адами капитал

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай мерекелік от шашу болады (ФОТО)

Қарулы Күштердің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай мерекелік от шашу Ағымдағы жылғы 7 және 9 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай от шашу өтеді.
Астана қаласы 27 Сәуір, 11:54

От шашу сонау Ұлы Отан соғысы кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жарақтандыруда тұрған және Ұлы Жеңістің нышаны болып табылатын 76 миллиметрлі зеңбіректерден артиллериялық дүркін оқ атулармен жүргізіледі.

Салют 2 заманауи от шашу құрылғысынан керемет мерекелік от шашумен ұласады. Олардың әрқайсының 173 бағыттаушысы бар.

«Мерекелік іс-шара, яғни, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай артиллериялық зеңбіректерден 25 дүркін оқ атылады», - деп хабарлады ведомство.


 





Яндекс.Метрика