Басқару

Қазақстанда журналистика саласы бойынша ұлттық сыйлық тағайындалды

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын жарияланғанын айтты.
Астана қаласы27 Сәуір , 10:56

Басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету.

«Биылғы жылы отандық телевизияның үздіктері «Тұмар» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерінің еңбегін де ескергенді жөн көрдік.
Сонымен, баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын жариялаймыз», - деді министр  өзінің  Facebook парақшасында.

Оның айтуынша,  сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады.

Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады.




Яндекс.Метрика