Басқару

Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының жетекшілері анықталды

Ұлттық комиссияның алғашқы отырысында Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының жетекшілері анықталды.
Астана қаласы26 Сәуір , 18:46

Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші отырысы болып өтті.

Отырыс барысында Ұлттық комиссияның мақсаттары мен міндеттері, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған бағыттарды іске асыру жолдары талқыланды.

 Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру үшін жұмыс топтары құрылатын болады. Олардың құрамына салалық мамандар, сарапшылар, сондай-ақ көпшілік қауым өкілдері, соның ішінде танымал ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері кіреді.

Әрбір жұмыс тобы бір айлық мерзімде қажетті ресурстық қамтамасыз етуді ескере отырып өздерінің іс-қимыл алгоритмін ұсынады. Бұған қоса, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен комиссия жұмысын регламенттейтін  Ұлттық комиссия туралы ереже қаралды.

Ұлттық комиссия Президент Жарлығымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі ілгерілемелі мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын.

Комиссияның құрамына танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, өңірлер,  Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялардың мүшелері енген.


 




Яндекс.Метрика