Басқару

Н.Назарбаев қазақстандық режиссермен отандық киноның ахуалы туралы әңгімелесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев режиссер Ақан Сатаевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 26 Сәуір, 18:32

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі режиссермен отандық киноның қазіргі ахуалы туралы әңгімелесті.

Қазақстан Президенті біртұтас ұлттың қалыптасуы, тәуелсіз республикамыздың жаңа елордасының салынуы туралы тақырыптар жаңа кинотуындылар түсіру үшін маңызды екенін атап өтті.

Елбасы тарихи сәттерді түсіруге қатысты көзқарасын білдіріп, отандық кинематографияның келешектегі дамуы туралы ойларын ортаға салды.

А.Сатаев Мемлекет басшысына өзінің кино саласындағы жұмыс жоспарлары жөнінде айтты.

Елбасы кездесу соңында режиссерге шығармашылық жетістік пен табыс тіледі.

 





Яндекс.Метрика