Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Астанада «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 20 желтоқсан Астанада Индустрияландыру күні барысында 2013 жылдың «Қазақстанның ең үздік тауары» анықталды.
Нұр-Сұлтан20 Желтоксан , 17:40

Осы шараға 152 кәсіпорын және жеке кәсіпкер қатысуда. Бұл – ағымдағы жылдың маусым – қыркүйек айларында өткен «Қазақстанның ең үздік тауары» өңірлік көрме-конкурстарының жеңімпаздары қатысты.

«Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар» номинациясында  «Экотон Плюс» АҚ, «Шеврон Мұнайгаз» филиалы,  «Экотон Плюс» АҚ, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС.

«Ең үздік азық-түлік тауарлары номинациясы бойынша I, II, III дәреже бойынша мадақтау дипломы  «ДЕП» ЖШС (Қостанай облысы), «АстанаАгропродукт» ЖШС (Ақмола облысы) ұсынылды.

«Халыққа арналған ең үздік тауарлар» номинациясы бойынша алматылық "КазСПО-N» ЖШС, қарағандылық «Ютария» компаниясы мен «Маганов Валерий Евгеньевич» ЖК (СҚО).

Айта кетейік,  «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы 2001 жылдан бастап өткізіледі. Осы уақыттың ішінде оның жеңімпаздары болып 88 отандық тауар өндірушілері атанды.Көрме-конкурсының негізгі мақсаттары – отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін белсендіру; Қазақстанның нарығын жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнімге толтыруға жәрдемдесу және сапа идеяларын танымал ету. 




Яндекс.Метрика