Ұлтаралық бірлік

ҚХА төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында ҚХА ХХV сессиясы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады.
Астана қаласы26 Сәуір , 19:23

Биыл төраға орынбасарлары болып Ақтөбе облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вешняк және Қазақстандағы республикалық әзербайжандар қауымдастығының басшысы Абилфас Хамедов тағайындалды.

«Барлық қазақстандықтар және ассамблея мүшелері оларды біледі. Егер қарсылық болмаса, оларды Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары, яғни менің орынбасарларым етіп тағайындау туралы өкімге қол қоямын», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика