Басқару

Қазақстан Президенті ҚР ҰҚК 25 жылдығына арналған наградаларды тағайындады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне арналған мерекелік медаль және мерекелік белгі туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Сәуір , 18:46

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толу құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалімен және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісімен наградтау қағидалары;

2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы және үлгісі;

3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерекелік белгісінің сипаттамасы және үлгісі бекітілсін.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Яндекс.Метрика