Ұлт жоспары 100 нақты қадам

«Жаңа гуманитарлық білім» жобасының жастардың санасын қалыптастыруда маңызы зор - Назарбаев

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының Қазақстан жастарының санасын қалыптастыру барысында маңызы зор, деп ағынан жарылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXV сессиясында.
Астана қаласы26 Сәуір , 17:41

«Түсіндіріп кеткім келеді. Бұл қазақ тіліне аударылған үздік оқулықтар болады, жоқ болса орыс тіліне де аударылады. Әлемде біз бәріміз оқымаған философия бойынша  оқулықтар бар. Біз маркистік-лениндік философияны оқыдық. Ал, философия көне римдік, афиндік, шығыс философтарынан басталады», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті атап өткендей, Қазақстан балалары үшін мұндай оқулықтар қажет.

«Біздің балаларымыз үшін мұндай оқулықтар қажет. Менің заманымның адамдары мұндай кітаптарды мүлдем көрмеген шығар. Әлеуметтануды нашар білеміз, экономика бойынша болып жатқан өзгерістерді қарапайым тілмен қалау түсінуге болатынынан хабарымыз жоқ, Ал, мәдениеттану, шығыстану, психологияны мүлдем білмейміз. Батыста психологсыз қалай жұмыс істеуге болатынын олар елестете де алмайды.  Егер біз кітаптарды ағылшын, испан тілінен аударып жоғары оқу орындарға енгізетін болсақ қазақстандықтардың ой өрісін кеңейтетін боламыз», - деді Н.Назарбаев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика