Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Президент «Қазақстан халқы» интерактивтік картасын әзірлеуді ұсынды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXV сессиясында «Қазақстан халқы» атты тарихи интерактивтік картаны әзірлеуді ұсынды.
Астана қаласы26 Сәуір , 17:29

«Кабинетімде ілініп түрған Қазақстанның үлкен картасына арасында  қарап қоямын және облыстардың, аудандардың, қалалардың, ауылдардың  атауларына ғана көз жүгіртіп қоймай еліміздің байтақ аумағында барлығымыз бірге атқарып жатқан зор жұмыстарды елестетесің. Сондықтан да біз өзіміз құрып жатқан болашақтың біртұтас  халқы болып есептелеміз. Оған апарар жол оңай емес,  күрделі әрі ұлы.  Өскелең ұрпақ  өткен жүзжылдықта қазақстан халқының қалыптасуының күрделілігін ұғынуы керек», - деді Елбасы.

Елбасы айтып өткендей,  осы мақсатта «Қазақстан халқы» тарихи интерактивтік картасын  құру ұсынылды.

«Электронды карта ежелгі қазақ жеріндегі барлық ұлттардың шоғырлану процесін ашық көрсетіп, мемлекет құраушы қазақ халқының айрықша миссиясын паш ететін болады. «Білім және ғылым министрлігіне Ассамблеямен бірлесе отырып, ғылыми негізде осындай интерактивті картаны әзірлеуді және оны келесі жыл алғыс күнінде таныстыруды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Айта кетейік, Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының   XXV сессиясы өтуде.

Осыған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан халқының болашағын қалай елестететінін айтқан болатын.

Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика