Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Біздің мәдениетімізді бүкіл әлемде көрсету керек – Назарбаев

Қазақстанның мәдениетін бүкіл әлемде көрсету керек. Ол үшін біздің қазақстандықтардың үздік шығармаларын БҰҰ пайдаланатын алты тілге аудару қажет, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXV сессиясында.
Астана қаласы26 Сәуір , 17:19

«Заманауи қазақ мәдениеті туралы айтқан кезімізде біз бүкіл Қазақстан халқының мәдениетін назардан тыс қалдырмауымыз керек. Біріншіден, егемендік дәуірінің мәдениеті біздің этникалық мәдениетіміздің бар байлығын бойына сіңіре білді. Екіншіден, жоғары қазақстандық мәдениетке көптеген этнос өкілдері өз үлестерін қосып келеді, осының бәрін ескеру керек. Біздің мәдениетімізді бүкіл әлемде көрсету керек. Ол үшін біздің қазақстандықтардың үздік шығармаларын БҰҰ пайдаланатын алты тілге аудару керек. Оны адамдар оқиды, біледі және тек сонда ғана Қазақстанда қандай адамдар тұратынынан әлем хабардар болады», - деп ағынан жарылды  Н.Назарбаев.

ҚР Президенті атап өткендей, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында өте жоғары мақсат қойылған.

«Егер біз Қазақстанның, ұлтымыздың заманауи болғанын қаласақ әрқайсысымыз өзімізден бастауымыз керек. Әр қазақстандықтың өмірлік ережесі осындай болу керек. Мен бұл мақалада нақты жобаларды ұсындым. Олардың барлығы терең зерттеулерді қажет етеді.  Бізге өскелең ұрпақты ашық және бәсекеге қабілетті ету қажет», -  деп атап өтті Елбасы.

Сонымен қатар, ҚР Президенті ҚХА мүшелеріне үлкен алғысын білдіріп, алдағы міндеттерді бірлесе отырып қана жүзеге асыра алатынымызды жеткізді.

«Құрметті ҚХА мүшелері біз бірігіп осы жұмысты да жүзеге асыратын боламыз. Біз дағдарыстардан өттік, идеяны сақтай алдық, әлеуметтік ахуалды да сақтап қалдық және одан ары дами бердік», - деді Н.Назарбаев.

Қайрат Жандыбаев  




Яндекс.Метрика