Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Н. Назарбаев қазақстандықтардың болашағын қалай елестететінін айтты (ФОТО)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXV сессиясында қазақстандықтардың болашағын қалай елестететінін айтты.
Астана қаласы 26 Сәуір, 16:53

«Біріншіден, бұл жаһандық  әлемде бәсекеге қабілетті тұлға. Бәсекеге қабілетті дегеніміз не? Қарапайым тауар өндірушісі оны біледі – егер оның тауарының бағасы төмен, сапасы жоғары болса, оның тауарын  сатып алады. Ал, бағасы жоғары сапасы төмен тауардың сұранысы аз болады», - деді Елбасы.

Президент атап өткендей, мемлекет, экономика және әрбір адам бәсекеге қабілетті болуы керек.

«Бізге  70 жыл бойы елдің шекарасынан ашуға тыйым салды. Біздің балаларымыз  бар әлемді кезіп жүр. Шетелге келсең, солардың заңына сәйкес өмір сүресің.  Адам олардың деңгейіне сәйкестенуі  үшін бәсекеге қабілетті  болуы керек.  Сондықтан да,  мақсатты  бәсекеге қабілеттілік компьютерлік сауатты болуы керек», - деді Н.Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев  сондай-ақ,  шет тілдерін үйрену керектігін  айтты.

«Ол елдегі барлық мәдениетті қабылдай алатын ашық болуы керек.  Ашық сана  барлығын сіңіру мүмкіндігін береді.  Ал, ол адам білімді болса ғана жүзеге асады. Сондықтан, ең алдымен  ол-бәсекелестік, екінші – прагматик, реалист, нақты мақсаттарды көздейтін тұлға», - деді Елбасы.

Ақбота Күзекбай

 





Яндекс.Метрика